Атырау, 19 желтоқсан 20:15
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Тәжікстан іргесіндегі жағдай мазасыз боп барады». «Темiрхан неге кеттi?». «Кәрiмнiң “қарлы жолы" “нұрлы жолға" балама бола ма?». «Қытай қор нарығының құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етпек?».

2 043 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Темiрхан неге кеттi?» - Ай мен күннiң аманында депутаттық мандатты өткiзе салу – Қазақстан тарихында өте сирек болатын құбылыс.

«М.Әблязовтiң адалдығына сенетiндер өте көп» - Мұхтар Әблязов отбасымен кездестi. Әрине, бұл олардың ал­ғашқы кездесуi емес. “Мұхтармен кездесудi алдын ала хабарлаудан қорқамын. Себебi межелi уақытта бiз ойлағандай шықпауы мүмкiн" деп жазады Мұхтардың әйелi Алма Шалабаева өзiнiң жеке парақшасында.

«В.Козлов аштық жариялады» - Кеше шiлденiң 20-сы күнi абақтыдағы саясаткер Владимир Козлов аштық жариялады. Бұл туралы оның әйелi Әлия Тұрысбекова хабарлады. В.Козлов өзiн нақты дәлел-себепсiз карцерге қамағаны үшiн аштық жариялауға мәжбүр болған.

«Жер салығына енген өзгерiстер шаруалардың наразылығын туғызды» - Ауыл халқының жерден өзге несi бар? Түгi де жоқ. Егiнiн егiп, малын бағып, iлдәлдамен тiрлiк кешiп келе жатқан жұрттың осы күнiн де билiк көп көрген сияқты.

«Кәрiмнiң “қарлы жолы" “нұрлы жолға" балама бола ма?» - Адам әлiн бiлмесе де қиын-ау, Қажымқанның баласы шамасына қарамай Әбiштiң ұлымен “жағаласқысы" келетiн сияқты.

«Көп ұлтты бiр партияға ұйыстырмақ» - Қазақстанда “Әдiлдiк" деген атаумен жаңа саяси, көпұлтты партия құрылмақ. Бұл туралы саяси ұйымның болашақ жетекшiсi Олеся Халабузарь мәлiмдедi. Партия “Қазақстанның кәсiби жастар қоғамдастығы" АҚ негiзiнде жасақталмақ.

«Қытай қор нарығының құлдырауы Қазақстанға қалай әсер етпек?» -Қытай қор нарығының құлдырай бастауы бүкiл әлем назарын аударды. Әлемдегi екiншi iрi экономикалардың бiрi саналатын аспанасты елiнiң қор нарығындағы жағымсыз жағдайдың арты дағдарысқа әкеп соқтырмай ма?

AZATTYQ. ORG «Тәжікстан іргесіндегі жағдай мазасыз боп барады» - Ауғанстанның солтүстігінде соғыс қимылдарының жиілеп кетуі онымен көршілес Орталық Азия елдерін алаңдатып отыр.

«Айыппұлға қарызы барлар елден шыға алмай отыр» - Айыппұл төлемеген ондаған мың адам Қазақстаннан шетелге шыға алмай жүр. Олар билік енгізген бұл уақытша тыйымды тым қатаң жаза деп санайды.

ABAI.KZ. «Бүлікшіге де бірдей, білімдіге де бірдей сот. Әділдік қайда?» - Қазақ жерін бір қауіпті елес кезіп жүр. Бұл - парықты ұлттар арасындағы түсініспеушілік қауіп...

ALASHAINASY.KZ «Шетелден әртіс шақыруға құмар министр Назарбаевтың сынына жауап берді» - Үлкен жанжалға себеп болған қазақ хандығы туралы фильмге қатысты Мәдениет министрі тағы мәлімдеме жасады.



22 шілде 2015, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.