Атырау, 29 желтоқсан 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мен не деймін, домбырам не дейді

5 337 просмотра

Жылу электр орталығынан жылу алатын үйлердегі жағдай жақсарды. Сейсенбі күні «Атырау жылу желілері» АҚ диспетчері жылу желісіне қосылмаған бірен-саран ғана үйлер қалғандығын хабарлады.

Естеріңізде болса, «Ақ Жайық» газетінің өткен санында«Атырау жылу желілері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВ жылу қосындары мен жылу трассаларының 100 пайыз дайындығы туралы мәлімдеген еді. «Таза Құбыр» ЖШС директоры Кристина ҚҰСПАНОВА да Балықшы поселкесіндегі жылу қазандарының толық дайын екендігін хабарлады. Ал, шындығында үйлерге жылуды қосу әупірімдеп жүргізілуде.

К.Құспанованың айтуынша, бұрынғы аудан орталығындағы тұрғын үйлердің жартысына жуығы жылуды қосуға дайын емес. Ол бұған себеп қысқы жылу маусымына көппәтерлік үйлердің жертөлелеріндегі тұрбаларды дайындау міндетіне тұрғындардың салғырт-салақ қарауы деп есептейді, енді олар өздері үшін жылумен жабдықтайтын мекеменің істеп беруін күтіп отыр. Қызыл әскер көшесіндегі үйлерге дүйсенбі күні беріле бастаған жылу сәтсіздікке ұшырады, бірнеше пәтерлерге ыстық су кетіп қалды.

Басты жылу берушінің өзі оларды аса қиын жылу маусымы күтіп тұрғандығын мойындады. Поселкедегі орын алған жағдай қиын. «Тұрғындар жылу қосуды талап етіп отыр, ал, жарық тұрбалардан ыстық судың ағып кететіндігіне құлақ асатын емес», -дейді ол.

«Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» КМК директоры  Сайлау ҚҰРМАШ  барлық үйге жылу берілгендігін мәлімдейді, ал, тұрғындар болса, жылудың әлі келмегендігіне шағымданады. Айтпақшы, №11 үйдің бірінші подъезіндегі тұрғындарға жылу екінші қыс берілмеген көрінеді, ал, олар жылу ақысын төлеп отырған. С.Құрмаш тұрғындар шағымдарға қарамастан 15 қазаннан бастап берілген жылу үшін ақы төлеуге тиіс деп есептейді. Ол сондай-ақ, кейбір пәтерлерге жылудың берілмеуін олардың көршілерінің өз радиаторларын тек қазір ғана ауыстырып жатқандығымен түсіндіреді. Немесе оған стояктағы ауаның жиналып қалуы және  жоғары қабаттағы пәтерлерде ешкімнің тұрмайтындығы да себеп болуда.

«ОблТрансГаз» КМК басшылығы «Таза Құбыр» ЖШС және «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» КМК-дарының берілген табиғи газ үшін 40 млн. теңге  және 1,2 млн. теңге қарыздарының жинақталып қалғандығын хабарлайды. Газшілер мұны жылу берушілерден ескерту деп қабылдауды өтініп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қазан 2011, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.