Атырау, 29 желтоқсан 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Алтыншы мектепті тексерсін

2 128 просмотра

«АМӨЗ» ЖШС мен басқа өндірістік нысандардың Атырау қаласы халқының денсаулығы мен қоршаған орта ахуалына әсерін кешенді зерттеу» жобасы бойынша медициналық тексеруден өткізу жұмыстары басталды.

Ғалымдардың жұмысын мұнай өңдеу зауыты төлейді. Мердігер – Петропавлдың «Республикалық атмосфера ауасын ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. Ол ақтөбелік «БатысЭкоПроект» ЖШС-ін жалдаған. Ал ол өз кезегінде сарапшыларды – Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің педиатрия кафедрасының меңгерушісі Жұмабек ДОСЫМОВ пен Атырау қаласы емханаларының дәрігерлерін жалдапты.

11 қазанда дәрігерлер Маслопром тұрғын үй массивінде орналасқан №8 орта мектепте оқитын балаларды тексеруге кірісіп кетті. Балаларға бұрын ауырған сырқаттары мен қазіргі жай-күйлері туралы сұрақтар жазылған 6 беттік сауалнама таратылды.

Егер сауалнаманы зерттеу тақырыбымен байланыстырар болсақ, онда №8 мектептің қазақ бөлімшесінің оқу ісінің меңгерушісі Роза ЖАҢАБАЕВАНЫҢ айтуынша, бұл ауданда өнеркәсіп кәсіпорындары шығарындыларының салдарынан тыныстай алмай қалатын жағдайлар жиі орын алатынын атап өткен жөн. Дегенмен, №8 орта мектептің медбикесі Тамара САТЫМБЕКОВАНЫҢ айтуынша, 754 оқушының тек біреуі ғана диспансерлік есепте тұр. Бірақ бұл ерекше жағдай. Қыз бала церебралды сал ауруына шалдыққан және үйінен оқиды екен.

«Республикалық атмосфера ауасын ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС өкілдігінің жетекшісі Еламан ИЛЬЯСОВТЫҢайтуынша, оқушыларға медициналық тексеру өткізілгеннен кейін олардың қандарына талдау жасалады. Мұндай тексерулер тағы бір мектепте жүргізілетін болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайсысында екенін әлі белгілемеген. Бұдан басқа, ересек топтарды медициналық тексеруден өткізу жоспарланған. Жалпы, егер әсер етуші нысандар тізіміндегі бастысы – АМӨЗ боп табылатын болса, онда зауытқа жақын маңда орналасқан Мирный мен Левая Перетаска поселкелерінің балаларын оқытатын №6 мектепке тексеру жүргізу қисынды болар еді.

«Республикалық атмосфера ауасын ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС биылғы жылдың желтоқсанында жұртшылық тыңдауында өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауды жоспарлап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В. Истомин

19 қазан 2011, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.