Атырау, 13 қазан 06:47
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Көктемдегі» өрттің себебі әлі анықталған жоқ

2 181 просмотра

«Көктем» сауда орталығындағы тамызда болған өрттен  кейінгі тағайындалған өрт-техникалық сараптама қорытындысы белгілі болды.

Атырау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға жауап алушысы Роман МЕҢДАЛИЕВТІҢайтуынша, сараптама Ақтөбеде жүргізілген және оның қорытындысы келген. Онда «өрттің ауқымды алаңды алуына, құрылыс құрылымдарының бүлінуіне және айтарлықтай қирап қалуына байланысты өрттің шығу себебін анықтау мүмкін болмады» делінген.

- Сонда қалай болғаны?

- Қорытындыны растамай-ақ қояйын, бірақ, қайтадан сараптама жүргізілетін болады, қалай болғанда да оның себебін анықтау керек қой. Сараптаманы тағы да Оралда және Алматыда жүргізу керек деген жоспарлар бар.

- Айтыңызшы, «Көктем» автоматты өрт сөндіру жүйесімен жарақтандырылған ба?

- Иә, тек жаңа ғимаратта ғана. Ал, өрт болған жерде тек өртке қарсы дабылдатқыш болды. 

- Жапа шеккен кәсіпкерлердің саны қанша?

- Негізінен киім сататын 58 бутик жанып кетті.  

- Олардың ішінде сақтандырылғандары бар ма?

- Жоқ. Біз сұраған кәсіпкерлердің бірде-біреуі ол туралы хабарлаған жоқ. 

- Қандай да бір болжам бар ма?

- Әзірге жоқ. Жұмыстар жүргізілуде. 

- Интернетте «Көктем» базарында жарылғыш қондырғы табылды-мыс деген алып-қашпа әңгіме тарады. 

- Жоқ, ондай ештеңе табылған жоқ. 

Лев ГУЗИКОВ

13 қазан 2011, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.