Атырау, 20 мамыр 05:01
 ашықВ Атырау +21
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Нан бағасын тұрақтандыру үшін өңірлерге 100 мың тоннадан астам бидай жөнелтілді

2 137 просмотра

Image 02015 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, нан мен ұнға бағаны тұрақтандыру мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ республиканың өңірлеріне 101 637 тонна астық жөнелтті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Айта кетейік, бидай өңірлерге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімшіліктері, Астана, Алматы қалалары және Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арасында, 1-ші сұрыпты ұннан және 2-ші сұрыпты ұннан дайындалатын қалыпты нанға өңірлердегі бағаны тұрақтандыру шаралары туралы меморандумдар аясында жөнелтіледі.

2015 жылдың I тоқсанында астықтың тоннасы 43 000 тенгеден өткізілді. Астыққа нарықтық бағаның төмендеуіне байланысты, II тоқсанда бидайдың тоннасы 40 000 тенгеден жіберіледі.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясының негізгі қызметі – мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер. Компанияның жалғыз акционері – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Дереккөз: bnews.kz

12 маусым 2015, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.