Полиция қызметкерлері қылмысты бейнекамералардың көмегімен ашты.
ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, өткен жексенбі күні таңертең Жедел басқару орталығының операторы Сәтбаев көшесі, №18 үйдің подъезінің алдындағы екі ер адамға назар аударған. Оның бірі екіншісін тонап жатқандай болыпты. Оқиға болған жерге «Тосқауыл» тобы жетіп, із суытпай тонаушыны ұстайды. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны боп шықты. Заттай айғақ – жапа шегушінің ақша салынған әмияны тәркіленіп алынды.
Бүгінде көшелерде 200 бейнебақылау камералары орнатылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 20 қылмыс ашылыпты.
Лев ГУЗИКОВ