Атырау, 29 желтоқсан 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Бір сағатқа күйеу керек»

4 802 просмотра

Үйде ер адам болмаса электр нүктесін жөндеу, су кеткен кранды немесе батареяны жамау, лампаны бұраудың өзі проблемаға айналады. Шеберлерді жеке-жеке шақыру да әбігер әрі тиімсіз. Әйелдердің осы сұранысына арналғандай, газеттерде «Муж на час» деген хабарламалар пайда бола бастапты.

 

Мен осындай бір сағаттық «күйеулердің» бірі, 33 жастағы Маратпен сөйлестім. Оның осы іспен айналысқанына бір жылдай болыпты.

- Әуелі бір танысымның, бірде тағы біреуінің үйінде ұсақ-түйек жұмыстарын жасап, көмектесіп жүрдім. Әйелдер жұмыстан кейін ұсақ-түйек жұмыстар үшін екі мың, бес мыңдап ақша ұстататын, - деп әңгімелейді Марат. – Содан соң ұсақ жөндеу жұмыстарын дұрыстап қолға ала бастадым. Оның үстіне клиенттерім әйелдермен шектелмейді. Зейнеткерлер де, аяқ-қолы балғадай ер адамдар да хабарласады. Зейнеткерлердің жағдайы түсінікті, ал ер адамдар неліктен розеткаларын жөндеуге ері-нетіндіктерін түсінбедім. Бәлкім, қолдарынан келмейтін шығар...

- Сіздің басқа әйелдерге шаруашылық жағына көмектескеніңізге әйеліңіз қарсы емес пе?

- Ол бұған түсіністік танытады. Қанша дегенмен табысым ғой. Клиенттер де түрлі болады. Аз тиын-тебенге өмірі жөндеу көрмеген бүкіл шаруашылығын реттеп алғысы келеді. Ал кейде еліктіруге тырысады. Бұл үшін бөлек ақша төлеуге дайын. Басқа «күйеулер» үшін жауап бере алмаймын, бірақ бұл маған қажет емес. Мен әйелімді сүйемін.

Анастасия ПАСТУХОВА

12 қазан 2011, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.