Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ – Ресей мұнайға айырбас ретіндегі алғашқы 100 мың тонна мұнайды Иранға экспорттады.
«Ресей Иранға астық жеткізуді бастады. Қазірге 100 мың тонна астық жөнелтілді», - деп айтқан Россельхознадзор басшысы Алексей Алексеенконың сөзін РБК дүйсенбі күні келтіреді.
Ол астық жеткізу бірнеше күн бұрын басталды, бұрын дәл қай күні екені айтылмаған деді.
А.Алексеенконың айтуынша, жеткізілімдер көлемі кем дегенде 1,3 млн тонна астық болмақшы.
Еске салсақ, 13 сәуірде РФ СІМ министр орынбасары Сергей Рябков «мұнай тауарларға айырбас» мәмілесінің (астық, техника мен құрылыс материалдарына) басталғанын мәлім еткенді. Сондай-ақ Ресей 2010 жылдан бері күшінде болған Иранға зениттік-зымырандық С-300 кешенін жеткізбеу туралы санкцияны алып тастады. Сәуір айында Кремль ресейлік тауарларды мұнайға айырбас ретінде Иранға жеткізу басталғанын растады.
Кеше, 7 маусымда, Иран басшылығы мәміле аясында Иран мұнайының Ресейге экспорты келесі аптада басталады деп мәлім етті.
Дереккөз: kaztag.kz