Атырау, 24 қараша 01:27
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңаөзенде бір ереуілші көз жұмды

2 108 просмотра

Өткен жексенбіде  Жаңаөзенде ереуілдеп тұрған жұмысшылардың бірі өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның салдарын  полиция  анықтап жатыр.

 

Алаңға жиналған мұнайшылардың айтуынша, оқиға  қазанның 2-сі  күні түнде орын алған. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты «Өзенэнергиямұнай» мекемесінде электрик болып жұмыс істейтін  30 жастағы Абай ӘБЕНОВ асылып қалған. Оның  әлі мектепке бара қоймаған  үш баласы мен жары бар. Марқұмның әкесі де осы мекемеде жұмыс істейтін инженер деп хабарлайды «АЖ» тілшісіне ереуілдетушілер.

Олар  жас жігіттің  өмірмен қош айтысуына ұзаққа созылған ереуіл психологиялық әсер етті  деп санап отыр. Отбасын асырайтын ақша  таба  алмағандықтан  электрик жігіт депрессияға түскен болар  дейді  әріптестері.

«Өзенэнергиямұнай» мекемесінің электригі Оразбай ТҰРСЫНБАЙереуіл басталғалы өндірісте адам өліміне соқтырған оқиғалардың  жиі орын алғанын айтады. Оның сөзіне  сүйенсек,  өткен айдың  соңында электрик Гигантжан Серікбаев та жұмыс үстінде ток ұрып қаза болған.

Бұл Жаңаөзенде  мамырдан бергі ереуіл бойы  орын алған үшінші  кісі  өлімі. Бұған дейін де  «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшыларының бірі  өндіріс басында қаза болған еді.

Мұнайшылар оқыс оқиғалар себебі  ереуілге шыққандардың орынына біліксіз мамандар тартылуында дейді.  

Сәния ТОЙКЕН

6 қазан 2011, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.