Бүгін, 19 мамырда сағат 10.30 шамасында Құлсарыдан 80 шақырым қашықтықтағы Атырау-Ақтау трассасында ЖКО орын алып, алты адам ажал құшты.
Салонында жеті адам болған (Лада-Ларгус» автокөлігі Бейнеуге кетіп бара жатқан КамАЗ автокөлігіне соқтығысқан.
Жылыой ауданы прокуроры Асыланбек ЖОЛАНОВТЫҢ айтуынша, «Ларгустың» бес жолаушысы мен жүргізушісі – 24 жастан 51 жасқа дейінгі аралықтағы Өзбекстаннан келген ер адамдар - оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 36 жастағы тұрғыны аман қалған.
Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабының 4-тармағымен («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтыру») қылмыстық іс көтерілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті "АЖ" оқырманы жолдады
(Абай болыңыз! +18)