Атырау, 29 желтоқсан 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мұражай ұрысы есіктің ашық болғанын пайдаланыпты

2 358 просмотра

Кеше қалалық сот Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы құнды жәдігерлерді тонаушыға үкім шығарды.

Естеріңізге салайық, 20 мамыр күні түнге қарай белгісіз қылмыскер мұражайдан ондаған жәдігерді алып кеткен болатын. Атап айтқанда, көне тапаншаларден, иконалардан, кеңестік және қазақстандық медальдар мен ордендерден, әйелдердің көне әшекейлерінен тұратын 54 бұйым ұрланған. Бір тәуліктен кейін ұры барлық ұрланған заттарымен бірге ұсталды. Бұйымдарды ол үйінің жанындағы қоқыс багына жасырып қойыпты.

Бізге қала прокурорының көмекшісі Нұржан ӘБІЛОВТІҢ хабарлауынша, 28 қыркүйекте сот 26 жастағы қала тұрғынына қатаң режимдегі колонияда жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Прокуратура хабарламасында қылмыскердің есіктің ашық болғандығын пайдаланып, мұражайға кездейсоқ кіргені көрсетілген. Бұрын ІІД баспасөз қызметі ұрының мұражай есігіне кілттер салып, ашып кіргенін хабарлаған болатын. Дегенмен де, мұражай басшылығының тарапына қылмыс жасауға жағдай жасаған себептер мен жағдайларды жою туралы жеке қаулы шығарылды.

Лев ГУЗИКОВ

29 қыркүйек 2011, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.