Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысты деп күдіктелген топты ұстады.
ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, топ 16-дан 25 жасқа дейінгі алты адамнан құралған. Барлығы да облыс орталығы мен қала шетіндегі Жұмыскер, Сарықамыс, Геолог, Талқайраң поселкелерінің тұрғындары. Полицияның жорамалы бойынша, олардың дүкендерге, құрылыстар мен пәтерлерге жасалған 32 ұрлыққа қатысы бар. Ұрланған заттарды «Фольксваген» мен «Газель» автокөліктерімен тиеп әкеткен. Ұсталғандардан кейбірі заттай айғақтар: велосипед, сплит жүйесі, жылыту аспаптары, кір жуатын машина, электр сорабы, «болгарка», бұрғы, пластик тұрбаларды дәнекерлеуге арналған аппарат және т.б. тәркіленген.
Ұсталған топ уақытша ұстау изоляторына қамалып, кәмелетке толмағандар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Лев ГУЗИКОВ