Атырау, 2 қараша 20:03
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

«Инва-такси» - бұл тек басы ғана

2 456 просмотра

Өткен аптада Атырауға «Бота» қоғамдық қорының өкілдері келіп, атыраулық үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасымен таныстырды.

«Бота» қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстанның аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың тұрмысын олардың білімдеріне, денсаулықтарына және әлеуметтік қорғалуына инвестиция салу арқылы жақсарту. Қор үш бағдарлама жасақтаған. Оның бірі семинарда таныстырылды.

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы аз қамтылған отбасының балалары мен жастарын қолдау жобаларын жүзеге асыру үшін гранттық негізде Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарын қаржыландырады. Осы бағдарлама аясында жалпы сомасы 580 млн. теңгеге 200-ден астам әлеуметтік жобалар қаржыландырылды. Атырауда, мәселен, «Инва-Такси» қызметі ашылды.

Таяу күндері Қазақстанда аз қамтылған отбасылар мен аса мұқтаж балаларға, сондай-ақ, өмірдің ауыр сындарына ұшыраған жастарға әлеуметтік қызметтер көрсетуге дайын коммерциялық емес ұйымдар үшін IV гранттық конкурсы басталды. Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 26 қыркүйектен 26 қазанға дейін қабылданады. Өтініштің мазмұны, шарттары мен үлгілері бойынша барлық ақпаратты мүдделі үкіметтік емес ұйымдар «Бота» қорының сайтынан www.bota.kz немесе 8-800-080-58-08 тегін телефон желісі бойынша ала алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 қыркүйек 2011, 01:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.