Атырау, 12 қараша 09:14
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Перзентханаларға бейнебақылау қойылды

4 244 просмотра

Облыстық перзентхана бейнекамералармен жабдықталмақ.

Ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Қазақстанның бүкіл перзентханаларында жүргізілетін болады. Денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдады.

«Біз денсаулық сақтау министрлігінен хат алдық. Онда бейнебақылау камераларының қаншасын алу керек және қайда қою керектігі туралы есептеулер жазылған. Арнайы осы мақсат үшін министрлік қаржылар бөледі», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түркіменбай НҰРЖІГІТОВ.

Перзентханаларды күзету режимін күшейту және оларға бейнекамералар орнату жөнінде өткен жылы Алматыдағы перзентханалардың бірінде жаңа туған сәбиді ұрлау оқиғасынан кейін әңгіме қозғалған болатын. Бағына қарай, үш күннен соң сәби табылып, ұрлықшы қазір жазасын өтеуде.

«Бұл мәселені баяғыда-ақ шешу керек еді. Бақылау болуы тиіс. Өйткені түрлі адамдар жүреді. Бәлкім, тіпті бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі шығар», - дейді Т.Нұржігітов. Бірақ парақорлар да «өздерін түсіріп жатқанын» білетін болады ғой.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

15 қыркүйек 2011, 00:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.