Атырау, 10 желтоқсан 01:06
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жол апатынан бес адам қаза болды

2 354 просмотра

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұл оқиға 12 қыркүйекте кешкі сағат жетіде Атырау-Доссор жолы бойында, Доссор поселкесінен 58 км қашықтықта орын алған.

Астраханға қарай кетіп бара жатқан (Волгоград облысының нөмірі бар) «Тойота» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, 36 жастағы Атырау тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21150 көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан «Тойота» жүргізушісі мен көлік ішіндегі 1978 жылы туылған жолаушы сол жерде қаза болған. Сондай-ақ, ВАЗ көлігінің жүргізушісі зайыбымен және оның қасындағы тағы бір жолаушы көз жұмған. Жолаушы сол оқиғадан бес күн бұрын босанған, кішкентай сәбиі бар әйел көрінеді. Оны сол күні облыстық перзентханадан шығарып, Құлсарыға алып келе жатқан бойы екен. Сәби тірі қалғанымен, ауыр халде жатыр. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппараты арқылы сәби өмірі үшін күресуде.

Лев ГУЗИКОВ

15 қыркүйек 2011, 00:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.