Max Petroleum Plc мұнайгаз компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай кен орны – «Батыс Сағыз» ( Sagiz West) – табылғанын жариялады. Бұл жөнінде компанияның ресми сайтында хабарланған.
SAGW-1 ұңғымаларын зерттеу 1 406 метрге жетіп, онда 27 метр таза мұнай мен газ кені табылды. (21 метр – мұнай мен 6 метр - газ).
Сұйыққойманың сапасы жақсы, кеуектілігі 18 % мен 25 % шамасында. «Батыс Сағыз» кен орнындағы мұнай қоры 66 млн баррельді құрайды деп бағалануда.
Компанияның хабарлап отырғанындай, 2012 жылы 2 бағалау ұңғымасы бұрғыланатын болады.
«Бұл – компания мен біздің акционерлеріміз үшін үздік нәтиже. «Батыс Сағыз» – бұл үлкен жаңалық. 2011 жылдың наурызынан бастап біз сегіз сәтті ұңғыма қазып, үш мұнай кен орнын аштық», - деді Max Petroleum Plc президенті Майкл Б. Янг.