Атырау, 9 желтоқсан 20:33
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Як-42 әуе апатында қаза болғандардың арасында Қазақстанда туған азамат та бар

2 255 просмотра

Ярославль түбінде болған Як-42 әуе апатында Қазақстанда туған азамат, немістің танымал хоккейшісі Роберт Дитрих қаза тапты, деп хабарлайды «Спорт.kz».

Порталдың хабарлауынша, Дитрих «Локомотив» (Ярославль) хоккей командасына жақында ғана ауысып келген болатын. Таяуда ол командасымен Ярославльден Минскіге ұшып, ондағы «Локомотив» пен «Динамо» арасында өтетін КХЛ матчіне қатысуы керек болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 45 адам болған - «Локомотив» ХК-нің 37 өкілі мен экипаждың 8 мүшесі. ТЖМ хабарлауынша, апаттан екі адам ғана тірі қалыпты, олардың халі қазір ауыр күйде. Қалғандары толығымен қайтыс болды.

БАҚ мәліметтеріне сенсек, қайғылы оқиғада Ресей құрамасының ойыншысы Александр Галимов пен бортинженер Александр Сизов аман қалған.

Роберт Дитрих 1986 жылы Қостанай облысы Орджоникидзе ауылында дүниеге келіп, 3 жасында ата-анасымен бірге Германияға көшіп кетеді. Ол ESV Kaufbeuren, EC Peiting, ETC Crimmitschau, DEG Metro Stars неміс клубтарында өнер көрсеткен болатын.

2008 бен2010 жылдар аралығында америкалық «Нэшвилл Предаторс» пен «Миллуоки Эдмиралз» үшін ойын ойнады.

 2010 жылы Германияға қайтып оралған ол Adler Mannheim-ге ойнап, жазда ярославтық «Локомотив» командасына ауысып келеді. 

Германия құрамасының құрамында жүргенде 2007, 2010 және 2011 жылдардағы Әлем чемпионаттарында өнер көрсетті.

 

www.bnews.kz/kk/news/post/57897/

9 қыркүйек 2011, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.