Атырау, 28 қараша 08:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Бізде үш шетелдік кәсіпорын ЕХРО-ға инвестиция жасайды»

1 903 просмотра

Құрылыс алаңдарының суреттерін «Астана-ЕХРО-2017» баспасөз қызметі ұсынды.Құрылыс алаңдарының суреттерін «Астана-ЕХРО-2017» баспасөз қызметі ұсынды.«Астана ЕХРО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат ЕРМЕГИЯЕВ «АЖ»-да жарияланған Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC көрме өткізуге $50 млн қаржы бөлгені туралы ақпаратты Бәрін сызып тастап, бәріне қарыздар болып қалды» мақаласын қараңыз) растады.

«“Астана-EXPO-2017” ҰК» АҚ-ның электронды ақпараттық бюллетенінде Ермегияевтің сөзіне сілтеме жасап, бүгінде «тағы бір ірі мұнай өндіруші компанияның» қаржыландыруы туралы мәселе қаралуда деп хабарланған. «Осындай компаниялар үшін ұсыныстарымыз бар. Біз оларды белгілі бір бағдарламалар бойынша тартуға тырысамыз, мәселен, көрме аумағына балабақша немесе инновациялық мектеп салуға, билеттер бойынша шығындарды қол жетімді болатындай етіп орнын толтыру және тағы басқа. Қазір біз бұл мәселені басқа ірі компаниямен талқылап жатырмыз. Біз олардың қаржысын жаңа технологияларды қолдануға, қала көркін жақсартуға және тағы осындай іс-шараларға жұмсағымыз келеді».

Ермегияевтің айтуынша, бүгінде 127 млрд теңге инвестиция тартылған:

- Бізде ЕХРО-ны инвестициялайтын үш-ақ компания бар. Бірлескен кәсіпорындар бар, алайда қазақстандық инвестиция басым.

Ол, сондай-ақ, үкіметтің 2017 жылы ЕХРО шығындарын 10 млрд теңгеге оңтайландыруы құрылыс қарқынына әсерін тигізбейді. Сонымен қатар, оның айтуынша, билеттер құны халық үшін 28 еуродан 1 мың теңгеге дейін кері қаралуы мүмкін.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 наурыз 2015, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.