Атырау, 5 мамыр 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бәрін сызып тастап, бәріне қарыздар болып қалды

3 038 просмотра

Қашағандағы шығарындылар үшін экологиялық айыппұл EXPO-2017 көрмесіне инвестицияға жұмсалды. D аралы. 2013 ж., 26 тамыз. Фото Қашағандағы шығарындылар үшін экологиялық айыппұл EXPO-2017 көрмесіне инвестицияға жұмсалды. D аралы. 2013 ж., 26 тамыз. Фото "АЖ" мұрағатынан.«АЖ»-ға өткен жылдың 13 желтоқсанында ҚР үкіметі мен Қашаған жобасының операторы NCOC арасында қол қойылған келісімнің егжей-тегжейі белгілі болды. Қазақстан іс жүзінде консорциумның бәленбай миллиард экологиялық айыппұлын ЕХРО-2017 көрмесіне салынатын инвестицияның орнына «сызып тастады».

БӘРІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ ҮЙІНДЕ АРАЛАСЫП КЕТТІ

Естеріңізге салсақ, NCOC пен Agip KCO осы келісімге қол қоймас бұрын сотта Атырау облыстық экология департаментінің Қашаған жобасының сынақ түрінде іске қосу барысында қышқыл газды өртегені үшін 134,2 млрд теңге көлеміндегі экологиялық зиянды өтеу туралы шығарған ұйғарымының заңдылығына дауласқан болатын. Сол кезде D аралынан (Қашаған) «Болашақ» зауытына дейін баратын газ құбырында орын алған бірнеше ақау салдарынан зауыттың алау қондырғысында 2,8 млн текше дерлік қышқыл (шикі) газ өртенген. Екі шетелдік компания мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа, содан кейін облыстық соттың апелляциялық алқасына, кейіннен облыстық соттың кассациялық алқасына шағымданды. Осы инстанциялардың барлығы шағымданушылардың шағымын қанағаттандырусыз қалдырған еді 134 миллиард теңге өндірілсін!», «Сот 134 миллиард айыппұл туралы шешімді күшінде қалдырды», «Миллиардтар қашан төленеді?»).

Осыған дейін компаниялар 2013 жылдың 24 қыркүйегінде құбырдағы апат кезінде атмосфераға газ кеткені үшін 222 млн теңге, сонымен қатар жалпы сомасы 10 млрд теңгеден астам алуан түрлі төлемдер нәтижесінде бірнеше әкімшілік айыппұлдар төлеген болатын. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН жаңа жасалған келісімнің егжей-тегжейін ашпастан, біздің газетімізге ҚР-ның «жер қойнауын пайдаланушыларға белгілі бір заңбұзушылық үшін екі мәрте, тіпті үш мәрте айыппұл салып жатқанын» айтқан еді.

«Әлемдік тәжірибеде, әрине, мұндай жоқ. Қазір біздің заңнамамыз әлімдік тәжірибеге сай келу үшін жетілдірілуде», - деп мәлімдеген болатын сол кезде вице-министр. Яғни, консорциумның айыппұл санкцияларына қатысты қазақстандық тарапқа талаптары ішінара негізді екенін аңғартты. Бұған дейін, өткен жылдың маусымында Консорциум қазақстандық тарапқа «дау туралы хабарлама» жолдап, өз қадамын жасады.

Консорциум Өнім бөлісі туралы келісімде (ӨБК) жазылған консорциумның өзі үшін де, оның мердігер компаниялары үшін де ҚҚС бойынша нөлдік мөлшерлемеге қарамастан, Қазақстанның салық органдары бірнеше жыл қатарынан жобаға қатысушыларға тиісті есепшоттар ұсынып отырғанын растады. Сонымен бірге ҚҚС бойынша төлемді уақытында төлемеу компания үшін барлық есепшоттарға тыйым салынуды, кәсіпорынның қызметін іс жүзінде тоқтатуды білдірер еді.

Өз «хабарламасында» консорциум бюджетке серіктестері мен олардың мердігерлері қателесіп төлеген ҚҚС сомасы сот ұйғарған 134 миллиард теңге экологиялық айыппұлдан анағұрлым көп екенін растаған. Американдық «КонокоФилипс» компаниясы жобадағы өз үлесін сатып жібергеніне қарамастан ҚҚС-ны қайтаруды талап етуде деген ақпарат бар.

10 МИЛЛИАРД – ОСЫМЕН НҮКТЕ

Осының бәрі өткен жылдың 13 желтоқсанында ҚР энергетика министрлігі мен NCOCарасында қол қойылған келісімде көрініс тапты. Бұл туралы NCOC-тың ресми баспасөз хабарламасында былай делінген: «Қазақстан Республикасы, NCOC және СКӨБК қатысушылары соңғы бірнеше жыл бойы қордаланып келген бірқатар өндірістік, қаржылық және экологиялық мәселелерді реттеді. Келісім шарттары құпия. Консорциум Қазақстанда Маңғыстау және Атырау облыстарындағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру ісін жалғастыруға, сонымен қатар «Астана ЕХРО-2017» көрмесін қаржыландыруға үлес қосуға келісті».

Бізге белгілі болғандай, келісімде «экологиялық мәселелерді реттеу» мәнісі 2013 жылдың қыркүйегіндегі апат салдары үшін консорциум төлеген жалпы сомасы 10 млрд 287 млн теңге айыппұлдарды қазақстандық тарап «11.12.2012 – 28.01.2014 мерзімі аралығында алауларда газды өртеу және осы шығарындыларға байланысты кез келген жағдайларға қатысты экологиялық зиян толықтай өтелді» деп есептеді дегенге саяды.

Осылайша, 134 миллиард туралы енді әңгіме қозғалмайды. Бұдан басқа, ҚР Энергетика министрлігі шығарындылар мен газ өртеуге қатысты заңнамадағы ықтимал өзгерістер бойынша «Каспий теңізінің ерекше экологиялық жағдайларын және республика мен басқа елдердің реттеуші базалары арасындағы ерекшеліктерді ескере отырып», NCOC-тен консультация алуға міндеттелді.

ҚҚС-ға келер болсақ, қазақстандық тарап салық тексерістерінің нәтижесі бойынша бұрын консорциум мен мердігер компаниялар төлеген сомаларды 2015 жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде өтемек. Әрбір кешіктірілген күн үшін қазақстандық тарапқа өсім есептеледі.

Өз кезегінде NCOC Маңғыстау және Атырау облыстарындағы әлеуметтік маңыздағы және инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру ісін жалғастырады.Қосымша келісімге сәйкес, консорциум 2015 жылы «Астана Экспо 2017» халықаралық көрмесінің құрылысын 50 млн доллар сомада қаржыландырады.

Естеріңізге салсақ, бұрынырақ «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басшысы Талғат ЕРМЕГИЯЕВ көрмені өткізу құны 3 млрд доллар шамасын құрайды деп мәлімдеген болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 ақпан 2015, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.