Атырау, 13 желтоқсан 04:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Бензин «безгегі» тағы белең алды

2 876 просмотра

Доссор мұнайының 100 жылдығы Атырауда бензин дағдарысымен есте қалып жатыр. Апта басында көптеген жанар-жағармай стансаларынан жүргізушілер құр қол қайтып жатты. Бензин тек бөлшек бағада ғана жоқ болмай шықты. Мәселен, «Гелиос» тіпті корпоративтік клиенттердің бос қалған кәртішкелерін де толтыруды тоқтатты.

Компаниядағылар әзірге кәртішкелерінде қорлары қалған корпоративтік клиенттерге ғана қызмет көрсететінін түсіндірді. «Бос қалған кәртішкелерді біз әзірге толтырмаймыз. Бір-екі күннен соң цистерналар жеткізіліп, жағдай түзеледі».

Жағдайдың реттелетінін осыдан бір апта бұрын айтқан еді. Ал іс жүзінде проблема ұлғайып барады.

Осы тұрғыда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшылығының ұстанымы таң қалдырады. Олар түсініксіз себеппен облыстағы жанар-жағармайға қатысты бүгінгі ахуал туралы бүкіл ақпаратты құпия ұстап отыр.

Екі апта бұрын редакция облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВТІҢ атына сауал жолдаған болатын. Облыстық әкімдік кеңсесіндегілер сауалымызды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына орындауға жолдап жібергендерін хабарлады. Кейінірек осы басқарманың отын-энергетикалық кешені бөліміндегілер жауаптарын дайындап қойғанын, енді басшылықтарына көрсету ғана қалғанын айтқан еді. Алайда 6 қыркүйек күні Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының отын-энергетикалық кешені бөлімінің бастығы Марат ҚАРАМАЛАЕВПЕН телефон арқылы хабарласқанымда: «Бастық (Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВ – С.Т.) қол қоймады»,- деді. Жайсаңовтың өзімен телефон арқылы хабарласа алмадық.

Сейсенбі күні көптеген жанар-жағармай стансаларында бензин болмады, бары бір адамға 10 литрден аспайтын мөлшерде сатылды. Бензин «безгегінің» дүбірімен АИ-95 маркалы бензин бағасының бір литрі 150 теңгеге дейін шарықтап кетті. «Арна» мен «Меркурий» стансаларынан осындай бағамен май құйып алуға болады. Бір қызығы, тура бір апта бұрын «Меркурийде» АИ-95 бензині 145 теңге болған еді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

8 қыркүйек 2011, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.