5 қыркүйекте жол қозғалысы инспекторлары өздерінің жетекшілерімен бірге көлік жүргізушілеріне «Жол қозғалысы ережесін білу» тақырыбындағы ең озық шығармаларын ұсынды.
Бұл акцияны ЖПБ қызметкерлері оқу жылының басталуына орай «Назар аударыңыз – балалар!» шарасы шеңберінде өткізді. Бұл күндері автоинспекторлар мектептер мен балабақшаларға жақын аймақтарға ерекше көңіл бөлді, жадынамалар таратып, автобустарда үгіт-насихаттық плакаттар ілді, байқаулар мен сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырды. Жол полициялары жолда жарақат алып, облыстық ауруханада емделіп жатқан балғындарға да барып шықты. Балақайлар погон таққан ағаларына және өздеріне жол қозғалысы ережелерін ешқашан бұзбайтынына уәде берді.
5 күннің ішінде 748 жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді. Оның ішінде қиылыстан өтуге қатысты 186, жүргінші жолынан өтуге қатысты 46, қоғамдық көліктердің аялдау тәртібін сақтамауға қатысты 74, жол көлік апаты жағдайына байланысты 12 жол ережесі бұзылған. Мас күйінде көлік жүргізген 31 жүргізуші ұсталған.
Лев ГУЗИКОВ
Суретті түсірген В. Истомин