Атырау, 19 шілде 11:34
Күндіз ашық+38, кешке +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

Индерборда бір түнде алты қораны кім өртеді?

8 қыркүйек 2011 16:22

Индербор поселкесіндегі «Көктем» мөлтек ауданында (өткен «ЖС-дан» «Қора өртенді, пішеннің күлі қалды» атты мақаланы қараңыз) бірнеше жерден бір мезетте орын алған өрттің себебі әзір белгісіз. Жергілікті құқық қорғау органы өкілдері бұған діни экстремистердің  қатысы жоқ деп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, тамыздың 31 күні Индербор поселкесінің басындағы алты үйдің қора-жайын жұрт шырт ұйқыда жатқанда  белгісіз біреулер өртеп кеткен еді. Бұл Атыраудағы оқиғалардан соң үрейленіп отырған елдің берекесін алғаны рас. Атырау-Орал тас жолының Индербор тұсында қарулы күзеттің қойылуы да отқа май құя түскендей болды. 

Өртті ұйымдастырушылар шынымен экстремистер ме, жоқ қазіргі дүрбелеңді пайдаланып, жұрттың үрейін ұшырып отырған көше бұзақылары ма? Қалай еткенде де бұл оқыс оқиғадан туған өрт емес екенін  құқық қорғау органдары да мойындап отыр.

Аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Ізбасар САҚЫПҚАЛИЕВ та мұның қасақана жасалған өрт екенін жасырған жоқ:

«Бұл жай өрт емес, өйткені  бір сағатта түрлі үш көшеде орналасқан алты үйдің қора-жайы  жалында қалды».

«Бір машина шөпті 30 мың теңгеден сатып алғанбыз. Қолымыздағы азын аулақ малдың шөбін ертерек түсіріп алдық деп мәз болып отырғанда мынадай жағдайға ұшырадық...», - дейді көп зардап шеккен Есенжан СЕРҒАЗИЕВ.

«Біз қазір жұмыс жасап жатырмыз. ІІБ тексеруді бастап кетті. Бірақ бұл радикалды діни ағымдағы топтың ісі емес, - дейді сенімді түрдеИндер ауданы прокуроры Асқар ӨТЕБАХОВ. - Мешіттер бақылауға алынды. Ал құжаты заңдастырылмаған Есбол селосындағы мешіт жабылды».

«Жұрт үрейленетіндей ештеңе жоқ. Қазір күні-түні жедел тергеу тобы жұмыс жасауда. ҚР ҚК 187 бабы (Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс көтерілді. Біз өрт қоюшыны қалай еткенде де табамыз», - деді Индер аудандық ІІБ бөлімі бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИН.

Біз оқырмандарымызға  осынау күдікті жағдайдың немен аяқталғанын міндетті түрде хабарлайтын боламыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1616 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4