Атырау, 10 қазан 15:41
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырауда екінші православиелік шіркеу ашылды

8 460 просмотра

Бұл туралы Орал және Гурьев әмірліктерінің архиепископы Антонийдің қаламызға келу сапарында белгілі болды.

Бұл соңғы екі айдағы архиепископтың үшінші сапары. Оның алдыңғы екі сапары Индерборда Никольский храмының ашылуына және Қазақстандағы Орыс православиелік шіркеуінің митрополиттік округінің облыс әкімі Бергей Рысқалиевті «Алғыс» орденімен марапаттау рәсіміне арналған болатын. Ал бүгінгі келудегі мақсаты – алдағы уақытта облыс орталығынан екінші православиелік храм құрылысын салу болатын. Оған Привокзальныйдағы «Дина» базарына қарсы жерден орын таңдалып та қойған. Қазір сәулеттік шешім нұсқалары талқылануда. Жобалаушылар ресейлік Ульяновск қаласынан арнайы шақырылған. Алайда ақтық шешімді меценаттар мен діни қызметкерлерден құралған жергілікті Успенск соборының кеңесі қабылдайтын болады.

«Қаламыздан екінші православиелік храм салу біздің шіркеу жамағаты үшін үлкен оқиғаға айналмақ», - дейді Успенск соборының настоятелі Михаил әкей. Шіркеуге берілетін атау да ойластырылып қойылыпты. Ол «Храм нерукотворного образа» деп аталмақ.

Анастасия ПАСТУХОВА

8 қыркүйек 2011, 21:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.