Атырау, 27 қараша 05:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзағаңдар өлім аузынан қалды

2 427 просмотра

Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс селосында Өзбекстан азаматтары  өзара келісе алмай, бір-біріне пышақ жұмсапты.

Оқиға аталмыш селода түнде болған. Үш өзбек ұлтының өкілі бірігіп  ішімдік ішіп, біраз кызара бөрткеннен кейін бір-біріне кектене бастайды. Арақ ішіне сыйғанмен сыртына сыймай естері кеткендер сөз көтеруден қалған еді, әлде бұрыннан бері өштесу бар ма кім білсін. Өзара жанжалдасқан өзекеңдер төбелеспен тоқтамайды, А. Алиев деген біреуі күштілігін көрсетіп екеуіне пышақ салады. Жәбірленушілер облыстық ауруханаға жеткізіліп, тірі қалған.

- Бұл оқиға бойынша күдікті Алиевтің үстінен ҚР ҚК 257 бабы 3 бөлігі (қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жүруде. Күдікті екі айға уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі Саид АЖМҰХАМЕДОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қыркүйек 2011, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.