Қызылқоға ауданындағы екі мыңдай халқы бар Жамансор ауылында мектептің болмауы қиындық туғызып жүрген-ді.
Бұл мәселені айта айта ауыл адамдары шаршады десе болады. Жергілікті биліктің бастауыш мектеп салудағы қадамдары да оң нәтиже бермеді. Ал балалар болса туыстардың үйіне, интернаттарда жатып оқуға мәжбүр болды. Осылайша тентіреудің соңы сәтімен аяқталып, биылғы жаңа оқу жылында жамансорлық балалар жаңа мектепке қол жеткізді. Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВТЫҢ мәлімдеуінше облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мектеп барлық құрал-жабдығымен қамтамсыз етілген. Жаңа мектептің тұсау кесері де дүркіреп өтті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА