Атырау, 23 қараша 08:53
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызмет өрісі кеңейді

2 646 просмотра

Атыраулықтар өздеріне қолайлы мекен-жай бойынша тіркеуді рәсімдеуді таңдау мүмкіндігін алды.

«Есепке тұру немесе есептен шығу үшін Авангард, 2-ші ықшам аудандағы 23-үйде орналасқан көші-қон полициясының бөлімшесіне немесе Сәтбаев, Баймұханов көшелеріндегі және Балықшыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне бара алады, - дейді Ішкі істер департаментінің көші-қон басқармасының халықты құжаттау және тіркеу тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлжанат АЯЗБАЕВА. – Көші-қон полициясында бұл процедура бірден жүргізіледі, ал халыққа қызмет көрсету орталығынан жіберілген құжаттарды біз екі жұмыс күні ішінде қараймыз. Ал жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, дайындау және беру қызметтерін тек көші-қон полициясының бөлімшесі мен Сәтбаевтағы халыққа қызмет көрсету орталығы ғана көрсетеді».

Болашақта басқа да қызмет көрсету орталықтарынан халықты тіркеу мен құжаттау қосындарын ашу жоспарлануда. Фотосуреттер тегін түсіріліп, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін көші-қон полициясы бөлімшесінің ғимаратынан кассалар ашу мәселесі әзірге шешілуде. Құжаттарды рәсімдеу мерзімі бұрынғыша қалды: әдеттегі тәртіппен 1,5 ай, шұғыл тәртіппен – 7, 10 және 15 жұмыс күндері.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

8 қыркүйек 2011, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.