Атырау, 27 қараша 05:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астраханның аппақ бөлкесі

3 458 просмотра

Өткен демалыс күндері «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаңда дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесіне алғаш рет көршілес Астраханның саудагерлері қатысты. Дәндеп қалған астрахандықтар жәрмеңкеге тағы да келмекші.

«Бағаны тұрақтандыру жө-ніндегі бағдарлама аясында қалалық әкімдік біздің ресейлік көршілерімізге ұсыныспен шыққан еді. Келіссөздер бір айдай уақытқа созылған болатын. Біздің ұсынысымыз оларды қызықтырып, өткен демалыс күндері ресейлік саудагерлер қатысқан алғашқы жәрмеңке болып өтті. Олар тауарларын өндірушілердің бағалары бойынша сатты», - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. Астраханнан бізге макарон, шұжық және кондитерлік өнімдер тиелген сегіз жүк газельдері келді. Екі күн ішінде олар 2 тонна шырын, 1,8 тонна дәмді тағамдар, 1,2 тонна май және т.б. сатқан. Бөлке-нан өнімдері – мак қосылған кептірілген нандар, печеньелер және «Тархан», «Буратино» сусындары көп сұранысқа ие болды.

Осындай серіктестікке екі тарап та мүдделі боп отыр.  Бұл фактіні алғашқы ресейлік азық-түлік десантына басшылық еткен Астрахан облысының экономикалық даму министр-лігінің сауда департаментінің бастығы Ильдар АГАЕВ растады. Соған қарағанда астрахандықтардың саудасы жақсы жүрген секілді. «Жәрмеңкеде біздің он компанияның өнімдері ұсынылды. Бұл жерде біз қандай тауарлардың сұранысқа ие екенін және жергілікті нарықтың неге мұқтаж екенін көрдік. Елімізге барған соң кәсіпкерлерімізді басын қосып, тәжірибе бөлісіп, олардың ұсыныстарына құлақ саламыз деп ойлаймын, - дейді И.Агаев. - Әрі қарай өнім түрлерін көбейтіп, Атыраудағы қалалық жәрмеңкелерге үнемі қатысып отырғымыз келеді».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В.Истомин

8 қыркүйек 2011, 00:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.