Атырау, 25 сәуір 14:52
Кешке бұлыңғыр болады+14, түнде +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.56  € 424.44  P 5.91

Инспекторлардың «крыша»-ханыммен текетіресі

8 қыркүйек 2011 00:30

Атырау балық қорғау қызметінің инспекторлары Оралдан келген браконьерлерді ұстау кезінде балықшыларды құтқаруға асыққан жергілікті «крышалардың»  қарсылығына тап болды. Бақтарына қарай, тек көлік қана зардап шекті.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының балық қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бөлім бастығы Олег ТУШКАНОВТЫҢ айтуынша, 2 қыркүйекте үш балық қорғау қызметкері Махамбет ауданындағы Талқайраң селосының маңына шыққан. Түскен ақпарат бойынша, ол жерде Оралдан келген әлдебір «бригада» заңсыз қара балық аулауды жолға қойған екен. Инспекторлар нөмірі жоқ УАЗ-«таблеткаға» (суретте) балық тиеп жатқан жерінен төрт балықшыны қолма қол заттай айғақпен ұстаған. Олардан балыққа құратын тор, аспалы моторы бар казанка қайығы мен салмағы 419 келі болатын бүкіл ауланған балық тәркіленіп алынған. 

Браконьерлерді ұстауды рәсімдеу кезінде жедел топқа бір көлік жақындап келіп, одан бір әйел мен ер адам түседі. Әйел адам дауыс көтере балықшыларды босатуды, олардың мүліктерін қайтаруды талап етіп, өйтпеген жағдайда инспекторларда проблема болатынын айтады. Сөзінің дәлелі ретінде әлдебіреудің бұйрығын тыңдау үшін оларға ұялы телефонын тыққыштай берді. Тайталас барысында «крыша» тіпті инспекторлардан табельдік қаруды – автоматты күшпен тартып алғысы келген.

Осы кезде аңдысын аңдып тұрған ұсталушылардың бірі тоғайға қарай қаша жөнеледі. Оны ұстауға әрекет жасау кезінде,  әлгі  ханым инспектор көлігінің дөңгелегін пышақпен жарып тастайды. Кері қарай аласұрып жүгіріп келе жатқан инспекторларды көрген «крыша» асығыс жылыстап кетеді. Сол кезде қалған ұсталушылар отырған УАЗ-дан түтін көрінеді. Сөйтсе, олар қайықтан түсіріліп алынған двигательдің түбінде қалған отынды көлік ішіне төгіп, машинаны іштен өртеген екен. Опыр-топыр боп жатқан кезде тағы бір ұсталушы қашып кеткен.

Сол уақытта балық қорғау қызметкерлері қаладан полицей жасағын шақыртып, олар бес қызметтік «Нива» көлігімен жеткен. Ұсталушылар Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауылының тұрғындары боп шықты. Қашып кеткендерді және олардың «крышасын» іздеумен қалалық ішкі істер басқармасы айналысуда.

Бейресми ақпарат көздері хабарлағандай, «өжет» әйелдің аты Гуля екен, ол махамбеттік «авторитеттердің» бірінің тамыры көрінеді.

Лев ГУЗИКОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1512 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5

Последние новости