Атырау, 27 желтоқсан 23:57
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қала бірінші сыныптықтарға қол ұшын берді

2 928 просмотра

Нұрберген Қайрошев пен қарындасы Нұрайна (суретте) тетелес, бірақ мектепке бірге барады. Сабақты осылай оқыған қызықтырақ болады, - деп шешіпті ата-аналары. «Мектепке дейінгі даярлық бойынша олар үлкен белсенділік танытты. Ал қайырымдылық көрсетушілерден мектеп формасы мен су жаңа мектеп құралдарын сыйлыққа алған олар 1 қыркүйекті асыға күтуде», - дейді бірінші сыныптықтардың анасы Алмагүл.

 Олардың отбасында бес бала бар. Ең үлкені 16-ға толады, ал кенжесінің жасы 4-те. Тек бір баланы мектепке дайындау үшін орташа алғанда 25-30 мың теңге қажет. Алмагүл ЕСҚАЛИЕВАНЫҢ көп балалы отбасында бірден үш оқушы мектепке бармақ. Сондықтан сабаққа дайындық ата-ана үшін машақатты жұмыс қана емес, анағұрлым қымбатқа түскен. Алмагүлдің өзі үй шаруасында, ал жұбайы зейнеткер екен.

Алмагүлдің айтуынша, үлкен балалары өздері оқып жатқан Тасқала селосындағы Амандосов атындағы мектептен көмек ретінде мектеп формасын да, қысқы киімдерді де алып отырған. Ал енді кіші балаларының да кезектері келіпті. Бірнеше жылдан бері облысымызда балаларды мектепке дайындауға қатысты акция өткізу жақсы дәстүрге айналған. Қала тұрғындары, жеке кәсіпкерлер мен ірі мекемелер қолдан келер көмектерін көрсетуде. Ал мемлекеттік органдар да, еріктілер қозғалысы да қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарымен бірге ұйымдастырушылар ретінде акцияға қатысып отыр.

Ең алдымен көмек мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға бөлінеді. Мұндай отбасылар тізімін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және мектептердің өздері жасайды. Өткен аптада 300-ден астам бала мектеп формасын, аяқ киім, спорттық костюмдер, кроссовкалар, оқушының бүкіл құрал-саймандары салынған арқа қоржындарын сыйлық ретінде алған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

1 қыркүйек 2011, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.