Атырау, 27 наурыз 09:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

7 171 рет қаралды

Бүгін алғаш рет мектеп партасына Атырау облысында шамамен 10 мың бала отырмақ. Солардың бірі 6 жастағы Бекзат ЕРКІН. Өзінің сүйікті шөбересін мектепке  апару  үшін  80 жастағы Балған әже Оралдан әдейілеп келіпті.

Балған әжейдің 7 баласы, 24 немересі және 9 шөбересі бар. Осынау үлкен тату отбасында Бекзаттың алатын орыны ерекше. «Ол менің тұңғышымның үлкен немересі, оның әкесі менің үлкен немерем болады. Біздің отбасымызда дәстүр бар – менің атам мені сонау 1936 жылы алғаш рет мектепке апарған болатын, ол кезде мен небары бес жаста болатынмын. Мен бірінші сыныпқа өз немерелерімнің барлығын апарып келдім, ал, бүгін шөберемді апармақшымын!»,  - дейді мақтанышпен Балған әжей. Бекзат өзінің сүйікті әжесінің сенімін ақтауға уәде етіп отыр. Өйткені, ол таэквандошы және ақылды жігіт: арнаулы емтихан тапсырып, №16 мектептің гимназия сыныбына түсті. Ендігі міндет - әжесін өзінің бестіктерімен қуанту ғана.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген  В. Истомин

1 қыркүйек 2011, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.