Атырау, 23 қараша 08:30
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жабайы құстарды аулау тарифі көтерілді

3 708 просмотра

Облыстық аңшылар қоғамы кеңесінің мүшелері өз отырыстарында осылайша бірауыздан дауыс берді.

Орман және аң шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциясының бастығы Марат ӘБДІРАХМАННЫҢбұйрығымен жабайы жануарлардың мынадай түрлерін аулау мерзімі бекітілген: үйрек, қаз, қасқалдақты – 3 қыркүйектен 30 қарашаға дейін, құрды – 3 қыркүйектен 15 қарашаға дейін, ондатраны – 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін, қоянды – үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан 2012 жылдың 15 ақпанына дейін, түлкі мен қарсақты – 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін, қабанды – 3 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

Аңшылар қоғамының төрағасы Ғайнет ҚУАНҒАЛИматериалдық шығындардың артуына байланысты кеңеске аң аулауға берілетін жолдаманың бағасын көтеруді қолдап, дауыс беруді ұсынды. Кеңес қолдап дауыс берді. Ендігі жолдама бағалары мынадай: үйрек, қаз - 2,5 мың теңге (шетелдіктер үшін – 5 мың теңге), қасқалдақ - 1,5 мың теңге, құр – 2 мың теңге, қоян – 3 мың теңге, қасқыр – 3,5 мың теңге, түлкі – 2,5 мың теңге, қабан – 4 мың теңге.

Күнкөріс минимумының көтерілуіне байланысты әрбір аңды ату құқығының (жолдамаға жапсырылатын) маркасы да қымбаттады. Енді бір марканың бағасы: - «үйрек» – 30,24 теңге, «қаз», «қоян» - 68,04 теңге, «құр», «қасқалдақ» - 151,2 теңге, «қабан» - 4 АЕК (аталығы), 3 АЕК (аналығы). Бүгінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1512 теңге құрайды.

Аңшылар қоғамының мүшелері жабайы құстардың азайып кеткендігін, Каспий теңізінің су деңгейі төмендеуіне байланысты аңшылық құру қиын екендігін айтып, басшылыққа шағымданған. Айрықша құқыққа ие тұлғалар қабанды атуға жолдаманы кезектен тыс алады деген шағымдар да болды. Осы себепті көпшілігі үшін аңшылықтың бұл түрі экзотикаға айналған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қыркүйек 2011, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.