Әсия ҚЫСТАУБАЕВА өзі атқарып келген облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы лауазымынан Атырау облысы бойынша статистика департаментінің басшысы қызметіне ауысты. Қыстаубаеваның орынында басқарманы уақытша оның орынбасары Оразбек ҚАСЫМОВ басқарып отыр. Облыстық статистика департаментінің қабылдау бөлмесі бұрынғы бастықтары Мардан СЕЙІТҚАЛИЕВТІҢ жұмыстан өз еркімен кеткендігін хабарлады.
Дәл осылайша облыстық мәдениет басқармасының бастығы Бақыт ИМАНҒАЛИЕВ та өз қызметінен кетті. Оның орынбасары Серік МҰХАМБЕТОВ бастықтың міндетін уақытша атқаруда.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА