Атырау, 28 желтоқсан 00:12
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Соққыға жығылып, кешірім берді

2 929 просмотра

Бұл отбасылық жанжал Махамбет ауданының бір ауылында болды. Ұлы анасын өлімші халге жеткізе сабап, жауапкершілікке тартылып отыр.

Махамбет ауданы прокурорының міндетін атқарушы Алтынбек ЖҰМАБЕКОВТЫҢ мәлімдеуінше, оқиға маусым айында болған. Үй құжатын сұраған ұл анасы бере қоймағасын, оны тепкіге алады. Шашын жұлып, қол-аяғын байлап, аузын желім қағазбен жапсырып қояды.

Зардап шеккен әйел өз үйінен қашып шығып, көршісіне болған жайды айтады. Осы оқиғаға байланысты тағайындалған сот - дәрігерлік сараптаманың анықтамасы бойынша, жәбірленушінің соққыға жығылып, дене жарақатын алғандығы анықталды. Сот үстінде «іштен шыққан шұбар жыланға» жаны ашыған шеше кешірімін берді. Бірақ сот қаулысымен ұрда - жық ұл жиырма күн әкімшілік қамауға алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қыркүйек 2011, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.