Атырау, 3 тамыз 13:59
 дождьВ Атырау +29.2
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Жалақы алу да жыр болды

3 056 рет қаралды

Мақат аудандық прокуратурасы жұмысшыларының жалақысын уақытында бермеген  «Сисенбек Сұлтан» ЖШС-нің әкімшілігіне айыппұл төлеттірді.

Серіктестіктің бір топ жұмысшысы ұжымдық негізде прокуратураға арыз түсірген. Сөйтсе, «Сисенбек Сұлтан» ЖШС жұмысшылардың наурыз, сәуір айларына тиесілі 6 млн. теңгеден асқан еңбекақысын екі ай сайын кешіктіріп төлеп келген.

 Бұл ҚР Еңбек кодексінің 134 бабының 1 тармағын бұзу болып табылады. Жұмыс беруші заң бұзушылыққа жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК- нің 87 бабы, 3 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл төледі, деп хабарлайды Мақат ауданы прокурорының көмекшісі Жасұлан ЖҰМАҒАЗИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қыркүйек 2011, 23:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.