Атырау, 28 желтоқсан 00:06
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қалқам, құдыққа түсіп кетпе!

4 946 просмотра

Индер ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша  ауылдарға су жүйелері тартылуда. Бірақ жұмыстағы салдыр-салақтық пен шалағайлықтар адам өміріне қауіп туғызуда.

Аталмыш бағдарламаны іске асыруға жергілікті және республика бюджетінен облысқа 3 млрд теңге бөлініп, жұмыс 2011-2012 жылдар аралығында атқарылуы тиіс. Ал Индер ауданындағы су жүйесін тартуға тапсырыс беруші   аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі болса, мердігер «Снабоилстрой»  ЖШС.

Аталмыш ауданда құбыр тарту ісі жаздан бастап қолға алынды. Бірақ бұл жұмыс аяқталғанша жергілікті тұрғындарда маза жоқ. Көшелерге құбыр тарту ісінде шалағайлықтар көп. Адам өмірі сақтандырылмаған.

Жарсуат селосының әкімі жұмысты жүйелі жүргізбеген мердігер ісіне қанағаттанбағандығын білдіріп, құшақ-құшақ құжат жинаған. Ал кейбір жергілікті әкімдер бұл жағдайға мән бермей отыр. Мәселен, Елтай селосындағы су құбырының құдықтары ашық-шашық күйде жатыр. Тіпті мектептің дәл алдындағы құдықтың айналасына сақтандыру белгісі қойылмаған.

Қазір тұрғындардан маза қашып отыр. Біресе бала соңына, біресе малдың артынан жүгіріп шаршадық. Жермен жексен құдықтар көше бойында ұзыннан-шұбақ тізілуде. Айналасы ең болмаса қоршалмаған. Құдық бетіне тақтай жауып отырмыз, бәрінде бірдей емес. Сондықтан жұмыс жасаушылар жергілікті тұрғындардың шағымына назар аударуы керек қой, адам немесе мал түсіп кетсе не болғаны, дейді тұрғын ЖАННА.

Біз басында мердігерге бір көшені толық бітіріп кетуге ұсыныс жасағанбыз. Бірақ оны орындамай отыр. Ауылдар жаппай қазылып қалды, енді құдықтар ашық күйде. Ең сорақысы, ашық құдықтар айналасы лентамен қоршалмаған. Сондықтан ауыл тұрғындарының мазалануын жақсы түсініп отырмыз, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Күлжан НҰҒМАНОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

1 қыркүйек 2011, 23:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.