Атырау, 5 қараша 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Жалғыз қолды бандылар жойылды

2 814 просмотра

Атыраулық полицейлер заңсыз ойын бизнесімен күрестегі өздерінің көздеген мақсаттарының маңыздылығын көрсете білді: ойын автоматтары партиясының көзін құртты.

Бұл шара баспасөз өкілдерінің қатысуымен қала сыртында, бұрынғы «Гурьев снаб» ауданында таңертеңгілік ұйымдастырылды. Қуатты жүк тиегіш машинаның шөміші мен дөңгелегінің астына тапталған ондаған ойын автоматтары үйіндіге айналды.

Бұл автоматтар осы жылдың маусым айында қаржы полициясы қызметкерлерінің күшімен Азаттық даңғылы бойындағы ойын клубының иесінен тәркіленген болатын.

– Заңсыз қызметті жүзеге асырған кәсіпкерге 30 мың теңге айыппұл салынды,- деді журналистерге Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық  және экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі департаменттің аға инспекторы Самет ТЕКЕЕВ.   – Соңғы бір жарым жылда жеті әкімшілік материал толтырылды, 130 ойын автоматтары тәркіленді. Қазір оның бәрі бізде сақтаулы тұр, олардың да көзі жойылатын болады. Бұл тек істің басы ғана.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

1 қыркүйек 2011, 23:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.