Атырау, 23 қараша 08:46
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Саясатшылар» мен «атқарушылар»

3 261 просмотра

21 шілдеде Елбасының Жарлығымен «ҚР Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы» бекітілді.

Реформаның кейбір тұстарын ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің облыстық басқармасының бастығы Мұхит ІЗБАНОВ түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, «мемлекеттік қызмет» деген ұғым жаңғыртуды көздейді және халыққа қызмет көрсетуге  бағытталуға тиіс. Егер бұрын мемлекеттік қызметкерлер саяси (облыс әкімдері, олардың орынбасарлары, қала және аудан әкімдері) және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып бөлінсе, енді саяси лауазымдағылар саны барынша қысқарып, ал, қалған әкімшілік қызметкерлер А және Б корпустары бойынша бөлінетін болады.

Облыста мемлекеттік саяси қызметшілердің саны 5-еу ғана болады, олар облыс әкімі және оның орынбасарлары. Қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар мен департаменттердің басшылары А басқарушылық корпусына жатады, ал, қалған мемлекеттік қызметшілер атқарушы Б корпусына енгізіледі. «Басты назар мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады»,-дейді М.Ізбанов.

Тұжырымның тарауларының бірі кадрлық қызметтің мәртебесін көтеруге арналған. Мемлекеттік органдардың кадрлық қызметінің басшыларын тағайындау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік басқармасының құзырына кіреді. Енді мемлекеттік қызметшілерді тағайындау басқарма және қызмет басшыларының ұсыныстарына қарамастан жүргізіледі және ол мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің құзырында болады. Кез-келген шеңбердегі басшылар барлық  бос жұмыс орындары туралы мемлекеттік қызмет басқармасына хабарлап отырады. Ай сайын мемлекеттік қызмет басқармасы бос лауазымдық орындар үшін конкурс өткізіп отырады, ал, конкурстан өтпегендер резервке алынады.

Облыстық әкімдік кабинеттерін мұңлы тыныштық басқан. Барлық әңгіме – мемлекеттік қызметшілер штатын 25% қысқарту туралы болып отыр. Негізінен Б корпусындағы атқарушы қызметкерлер қысқартылады деген сөз бар. Алайда, іс жүзінде әлі нақты мәліметтер түсе қойған жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қыркүйек 2011, 22:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.