Атырау, 27 желтоқсан 07:35
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шеру болмағанмен, концерт өтті

2 486 просмотра

30 тамыз күні сағат 11.00-ге белгіленген мерекелік жарнамаларда уәде етілген ҚР Ата заңы-  Конституция күніне арналған қала еңбекшілерінің шеруі мен облыстағы кәсіби ұжымдардың концерттік бағдарламасы өтпей қалды. Бейресми  ақпарат бойынша, шараны болдыртпау жөніндегі бұйрық облыстық әкімдік тарапынан жасалған екен.

Алайда мәдениет басқармасы ұйымдастырған кешкі мерекелік концерт өз уақытында сағат 19-да басталды. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ бізге ескерткеніндей, концерттің ұзақтығы, әдеттегідей, алаңға жиналған көрермендердің санына байланысты болды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

1 қыркүйек 2011, 22:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.