Атырау, 23 қараша 08:37
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Білім күніне» ешкім тыйым салған жоқ

2 405 просмотра

«Білім күні болатын салтанатты жиынды өткізуге тыйым салған  ресми бұйрық болған жоқ. 1-ші қыркүйек Атырау облысында бұрынғы дәстүр бойынша салтанатты түрде атап өтілетін болады.

Бұл күні мектептерге барлық оқушылар жиналып, алғашқы сабақтар жүргізіледі», - деп жауап берді біздің сауалымызға облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА.

Оның айтуынша, білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары әдеттегі режим бойынша жүргізілуде, мұғалімдер еңбек демалыстарынан шығып, оқушыларын күтуде. Естеріңізге сала кетейік, облыста 196 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 94 мыңнан аса оқушы білім алады. Биылғы жылы бірінші сыныпқа 9800 бала барады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2011, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.