Атырау, 27 қараша 05:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда лаңкестік жасауға әрекеттенген күдікті ажал құшты

5 949 просмотра

Дүйсенбі күні, 29 тамызда, Атырау облысының құқық қорғау органдары радикальды діни топқа қатысы бар күдіктіні ұстау операциясын өткізді. Операция барысында ол қаза болды.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана ЖҰМАШЕВАНЫҢ айтуынша, заңсыз топ Атырау облысы мен Қазақстанның басқа да аумағында лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған. Ұстау кезінде қарсылық көрсеткендіктен күдікті қаза болған. Үйді тінту кезінде қару мен жарылыс құрылғысы табылған. Әзірге бар ресми ақпарат осы.

Ал бейресми ақпарат көздері арнайы операцияның «Атырау» ықшам ауданында (жеке сектор) жүргізілгендігін хабарлайды. Үй қаза болған күдіктінің – ислам қабылдаған кәріс жігітінің меншігінде екен. Сондай-ақ, биылғы жылдың сәуірінде есірткі мен қару сақтағаны үшін, ал елге тараған пікір бойынша – бұрынғы жылдары өз мешітінде дәстүрлі емес ислам ағымына жастарды үйреткені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған Шариполла САЙФУЛЛИННІҢ әйелінің туысы екендігі анықталды.

Бейресми ақпарат бойынша, полиция мен арнайы жасақ қоршаған үйдің ішінде күдікті жалғыз болған. Үйден өз еркімен шығып, берілуін талап еткен кезде ол полиция әрекетінің заңдылығын растайтын түрлі құжаттарды сұрай бастаған. Қоршалған үйге күдіктінің ата-анасы мен бауырын әкеліпті, олар оған берілуге көндіргендей болған. Үйден шығар кезде күдіктінің өзін қалай ұстағаны және ол құлағаннан кейін неліктен күш құрылымдары тарапынан бір рет қана атылған оқтың дыбысы шыққаны әлі күнге белгісіз. Көзбен көрген адамдар осыдан кейін бірінен соң бірі автоматтан оқ жауғанын, үйге түтінді граната лақтырылып, содан соң ол жерге арнайы жасақ кіргендігін айтады.

Операция кешкі уақытта жүргізіліп, бір сағаттай уақытқа созылған. Қаза болған күдіктінің артында отбасы, балалары  қалған. Шамасы, жасақтар бейкүнә құрбандықтарды болдырмау үшін қолайлы сәтті аңдып, үйді ұзақ бақылаған секілді. Ықшам аудандағы бүкіл жолдарды, тіпті шалғай жолдардың барлығын бұл кезде шұғыл арада жауып тастаған болатын.

Лев ГУЗИКОВ

1 қыркүйек 2011, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.