Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тромбонға арналған әуен

4 228 просмотра

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жаңа музыкалық ұжым – эстрадалық оркестр құрылды. Оркестердің жетекшісі көршілес Астраханнан келген джазмен Алексей Назариков, ол әр жылдары танымал америкалық джаз музыканттары Николас Бирд, Деннис Роулэнд, Менди Гейнс, Текора Роджерстермен бірге өнер көрсеткен.

7 ақпан күні сағат 17.00-де ұжым филармонияның есеп беру концерті аясында драма театр сахнасында өнер көрсетпек. Бұл олардың сахнаға екінші рет шығуы: біріншісі қаңтарда дәл сол жерде өткен болатын. Жаңа ұжымның премьерасы ол кезде өте әсерлі өтті: жанды дауыс, ақ костюм киген музыканттар, 70-80 жылдардағы эстрада хиттары, ұмыт қалған әуендердің джаздық аранжировкасы. Алексей Назариков оркестрдің сүйемелдеуімен бірнеше композицияны трубада жеке ойнады.

Көрерменнің эстрадалық оркестр орындауындағы жанды әуенді қатты сағынғаны анық байқалды, ал филармония әртістері әндерін оркестр аккомпанементімен ерекше сүйіспеншілікпен орындады. 

Алдағы концертке «Жас қанат», «Азия дауысы» және басқа да республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Хамиль Сүйекбаев, Ақмарал Машимова, Қуандық Нұғмаров, Венера Машкалиева, Әсет Әлиев, Медет Қарамырза, Елена Ералина, сонымен қатар «Інжу-Маржан», «Зерде» би ұжымдары қатысады.

Бір ерекшелігі: эстрадалық оркестр негізінен Астрахан филармониясының музыканттарынан құралған (үрмелі секция: саксафондар, трубалар, тромбондар), ал жергілікті музыканттар ритм-топ құрамында – электрогитаралар, соқпалы және клавишті аспаптар. Сондықтан бұл ұжымды халықаралық оркестр деп атауға әбден болады. Және осы құраммен олар тек Атырауда емес, сонымен қатар Астраханда да өнер көрсетеді.

Ұлы Дина Нұрпейісованың ұрпақтары, атыраулық музыканттар ұлттық аспаптарда және ұлттық әуенді ойнауларымен мықты саналады. Эстрадалық музыкаға қабілеттері одан гөрі төменірек, сол себепті бұл кәсіби «будандастыру» кездейсоқ емес.

...Шамамен, 90-жылдардың орта жерінен бастап отандық эстрадалық орындаушылар фонограммамен – «минуспен» (дайын музыкалық аккомпанемент) және «плюспен» (фонограмма) шығатын болды. Өкінішке орай, қазіргі таңда бұл көрермендер үшін де, орындаушы үшін де қалыпты жағдайға айналған. Бірақ «дайын» аккомпанемент пен дауыс жаныңды елең еткізбейді, ал шын мәнінде музыканың мақсаты – адам жүрегіне жол табу.

Бәлкім, шет елден музыканттарды тарту – нәтижеге қол жеткізудің жылдам жолы шығар, себебі, қаламызға осындай оркестр жетіспейтін еді. Бірақ осы жерде өзіміздің кәсіби эстарадалық музыканттарымызды да алға жетелеуіміз керек – мүмкін, шетелдік мамандар мен педагогтарды шақырармыз.

Ал, жаңа оркестрге шығармашылық табыс пен қызықты жаңа бағдарламалар тілейміз.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген автор

5 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.