Атырау, 19 желтоқсан 17:01
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Давостағы саяси шоу кімге керек болды?». «Исламдық несие кейінге қалдырылды». «”Санкциялар соғысы” және Қазақстан». «Экспо келе жатыр. қайыршыларды қайтеміз?». «Бұның қасында "Тоқсанның тоқырауы" ештеңе емес...». «Камбоджада “тыңшы” болған қазақ».

1 961 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Давостағы саяси шоу кімге керек болды?» - Бүгін Давостағы экономикалық форумның басталғанына екінші күн. Оған Ресей президенті В.Путин келуден бас тартқан.

«Шаруаларға субсидия алу үшін сенделуге тура келеді» - Өткен жылғы прокурорлық тексерулер қорытындысы көрсетіп отырғандай, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлер құқығы аяқ асты етіліп, аудандардағы жергілікті атқарушы органдар оларды қолдаудың орнына, кәсіптерін кері кетіріп, кедергі келтіруде.

«Исламдық несие кейінге қалдырылды» - Қазақстанда Сукук сертификаттары индустриялық жобаларды ортамерзімді қаржыландыру тетігі ретінде қарастырылуы тиіс.

AZATTYQ. ORG       «”Санкциялар соғысы” және Қазақстан» - Қазақстандық кәсіпкерлер Батыстың Ресейге салған санкциясы мен Кремльдің оған қарсы қарымта тыйымының кесірі өздеріне де тиіп жатқанын айтады.

ABAI.KZ    «Экспо келе жатыр. қайыршыларды қайтеміз?» - Елбасы үнем туралы айтып еді, елдің бәрі осы күні үнем мәселесіне үдере көшуге кідіріссіз кірісіп кетті.

«Қарлаг қалай пайда болды?» - 1931 жылы Қарағанды еңбекпен-түзеу лагері ұйымдастырылды. Қарлаг жүйесі саяси қуғын-сүргін құрбаны болған мыңдаған жазықсыз адамдардың тартқан азабына тозақ болды.

SHYN.KZ     «Елді кризис қысып тұрса, әкім молаға 200 млн. теңге жұмсамақ» - Бүкіл әлем үлкен қаржы дағдарысының алдында тұр. Осыған орай 15-қаңтарда Елбасы Н.Назарбаев жиын өткізіп, бюджеттің азайып бара жатқанына байланысты үнемдеудің барлық шараларын қолға алуды тапсырды.

JAQSY.KZ  «Бұның қасында "Тоқсанның тоқырауы" ештеңе емес...» - Бұл материалда Ресейдің ертеңін суреттей отырып, бізге де қатысы бар болашақты сөз етеміз.

QAMSHY.KZ   «Камбоджада “тыңшы” болған қазақ» - КСРО және Ресей Федеральдық қауіпсіздік қызметінің қазақ барлаушысы, БҰҰ-ның Бітімгершілік корпусы қолбасшысының кеңесшісі жерлесіміз Әли Қыстауов туралы.

TURKYSTAN.KZ    «Қазақтың "қара домалақтары"» - Қазақстанға келіп, жеңіл жолмен табыс табуды көксейтін шетелдік әншісымақтар туралы «Түркістан» газетінің өткен жылғы нөмірінде көлемді мақала жазған едік.

«12 жылдық оқытуды 10 жыл бойы ешкім түсіне алмады...» - Депутаттардың Үкіметке жолдаған 12 жылдық оқыту жүйесін тоқтату туралы ұсынысынан кейін Білім министрі Аслан Сәрінжіпов мырза тағы да сергелдеңге түскен секілді. 18 қаңтар күні «КТК» телеарнасындағы «Слуги народа» бағдарламасына сұхбат берген Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 12 жылдық білім беру жүйесінің кезекті рет уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

AIKYN.KZ   «Қазақтың тойы» - Қазақтың тойында күн санап неге ұлттық салт-дәстүрлеріміздің орнына, сырттан енген жасанды жоралғылар бой алдыруда. Қайткен күнде тойларымызды өзге жұрттың дәстүрлерінен арылтуға болады?  

23 қаңтар 2015, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.