Атырау, 28 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тас жолдағы апат: Алты адам көз жұмды (толықтырылды)

7 692 просмотра

Бүгін, 17 қаңтар күні сағат 18.30 да Құлсары-Атырау тас жолының бойында қайғылы жол көлік оқиғасы орын алды.

Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Асыланбек БЕКБОСЫНОВТЫҢ айтуынша, Құлсарыдан шыққан кездегі тас жолдың 42 шақырымында Теңіз кенішінен келе жатқан КамАЗ көлігі мен 7 орындық минивэн бір-біріне соғысқан. Оқиға орнында 6 адам - 3 әйел, 3 ер адам қайтыс болды.  КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі және екі такси жолаушысы - 36 жастағы әйел мен 14 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Оқиға себептері анықталуда.

Жылыой АІІБ-нің анықтау бөлімшесінің бастығы Сағын ДОРЖИКОВ Жылыой ауданындағы жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағымен («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Естеріңізге салып өтейік, КамАЗ бен 7 орынды «Тойота Gravia» минивэнінің соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапқан болатын. Олардың төртеуі Жылыой ауданынан – 42 жастағы минивэн жүргізушісі және жолаушылар: 21 жастағы қыз, 54 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел. Қаза тапқандардың тағы екеуі – 35 жастағы Атырау қаласының тұрғыны және 54 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғыны.

КамАЗ жүргізушісі (Алмалы ауылының 35 жастағы тұрғыны) және такси жолаушыларының бірі, Атырау қаласында тұратын 14 жастағы жасөспірім (оның анасы осы жол-көлік оқиғасында көз жұмды) қазір Құлсарыдағы аудандық аурухананың реанимациялық бөлімінде, тағы бір жолаушы, 36 жастағы әйел облыстық аурухананың реанимациялық бөлімінде жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қаңтар 2015, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.