Өткен 2014 жыл Қазақстан үшін экономикалық тұрғыда оңайға соқпады. Біз «АЖ»-ға жарияланған азық-түліктердің апта сайынғы бағалар тізіміне талдау жасап, өзгерістерге бақылау жүргізген едік.
Жыл басында негізгі азық-түліктердің орташа бағасы былайша көрініс тапты: ет – бір келісі 950 теңге, құс аяғы – бір келісі 400 теңге, «Наурыз» шұжығы - 830 теңге, сазан – бір келісі 540 теңге, «Айналайын» сүті – бір литрі 227 теңге, жұмыртқа – он данасы 235 теңге, сары май – бір келісі 390 теңге, «Золотая семечка» күнбағыс майы – бір литрі 318 теңге, ұн – бір келісі 138 теңге, күріш – бір келісі 160 теңге, нан – бір бөлкесі 43 теңге, «Сұлтан» макароны – 440 грамдық орамасы 110 теңге, қант – бір келісі 150 теңге, картоп – бір келісі 85 теңге, жуа – бір келісі 70 теңге, польшалық алма – бір келісі 260 теңге.
Кейбір позициялар бойынша едәуір өзгерістер қаңтардың аяғында басталды. Жұмыртқаның он данасы 170 теңгеге дейін арзандап, жуа мен картоп, тиісінше, 90 және 110 теңгеге дейін қымбаттады. Әрине, теңгенің ақпандағы девальвациясы да қатты әсер етті. 11 ақпанда таңертеңмен «Атаба» супермаркеттері желісінде «Наурыз» шұжығы 934 теңге, құс аяғы 407 теңге, күріш пен қант 141 теңге, макарондар 111 теңгеден тұрса, кешке қарай шұжық бағасы 1032 теңгеге дейін, құс аяғы 450 теңгеге дейін, күріш 163-ке, қант 157-ге, макарондар 119 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Дегенмен, басқа супермаркеттер желісінде де, «Дина» базарында да баға едәуір өсіп кетті.
Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ супермаркеттер желісініңбасшыларын жинап алып, оларға “дүрбелеңге салынбай”, жаңа жағдайда баға саясатын “бір қалыппен” құруға кеңес берді. Шамасы, арнайы құрылған билік штабы тарапынан қатаң бақылаудың болуы теңге девальвациясының салдарын қандай да бір деңгейде “біріктіруге” көмектескен сыңайлы. Алайда, бағаларға “тоқта!” деп әмір ете алмайсың ғой. Таяудағы айларда олар баяу, бірақ үздіксіз өсіп отырды. Ақпанның соңында ет 1200 теңгеге дейін қымбаттады, наурызда жуа бағасы 140 теңгеге дейін, картоп 130 теңгеге дейін, күріш 170 теңгеге дейін, жұмыртқа 200 теңгеге дейін, күнбағыс майы 340 теңгеге дейін, қант 180 теңгеге дейін көтерілді. Сәуірде ұн (175 теңгеге дейін), картоп (210 теңгеге дейін), макарондар (123 теңгеге дейін) қымбаттады. Ал, жұмыртқа, керісінше, 140 теңгеге дейін төмендеді. Бірақ бұл құс фабрикасы сол кезде мекиен тауықтарды алдымен ұсақ жұмыртқа басатын жас тауықтарға ауыстырды. Картоптың ең қымбат бағасы маусымда тіркелді - 270 теңге, ал, қант - 200 теңге болды. Шілде-тамызда құс аяғы (бір келісі 650 теңгеге дейін) мен жұмыртқа (он данасы 210 теңгеге дейін) қымбаттады, алайда картоп пен жуа 100 теңгеге дейін арзандай бастады. Күзде картоп пен жуа бағасының бір келісі 75-80 теңгеге дейін төмендеді, бұл жаңа өнімнің шығуына байланысты болды.
Барлық осы ауытқулардан кейін 2014 жылдың аяғында жыл басындағымен салыстырғанда біз мынадай бағаларға ие болдық: ет – 1000 теңге (5%-ға қымбат), құс аяғы – 500 (25%-ға қымбат), «Наурыз» шұжығы – 1 140 (37%-ға қымбат), сазан – 625 (15,7%-ға қымбат), сүт – 220 (3%-ға арзан), жұмыртқа – 190 (19%-ға арзан), сары май – 360 (7,7%-ға арзан), күріш – 210 (31%-ға қымбат), қант – 170 (13%-ға қымбат), макарондар – 123 (12%-ға қымбат), нан – 43 (бағасы өзгерген жоқ), картоп – 100 (17%-ға қымбат), жуа – 85 (21%-ға қымбат), алма – 250 (3,8%-ға арзан).
Тамара СУХОМЛИНОВА