Желтоқсанның басында Сәтпаев даңғылының көлік жолы бойында жарнама роликтерін көрсетуге арналған LED-дисплей орнатылған 4 құрылым пайда болды.
LED-дисплейлердің қожайыны болып табылатын«ADAV Decolight CA» ЖШС коммерциялық директоры Елена ЧУЧКАЕВАНЫҢ айтуынша, компания Алматы мен Батыс Қазақстанның облыс орталықтарында жұмыс жасайды. Болашақта Қарағанды мен Өскеменде дисплейлерді орнату жоспарланып отыр.
– Біз мүдделі және әлеуметтік жарнама үшін төлеуге қабілетті ірі корпоративтік секторлармен жұмыс жасаймыз. Оның көлемі бізде 70 пайызға дейін жетпек, - дейді Е.Чучкаева. – Біз әлеуметтік жарнаманы капиталдандыра алдық деуге болады.
Атырауға келер болсақ, әзірге экрандарда тек ЕХРО-2017 жарнамасы, Жаңа жылмен құттықтау және ауа-райы ғана көрсетілуде.
Компаниядағылар LED-дисплейлерді орнату құны туралы сұраққа жауап бермеді. Ғаламтордан біз, мәселен, Ақтөбеде бір құрылымның 500 мың долларға шығатынын білдік.
Ал, қалалық сәулет бөлімінің жарнама бөлімі басшысы Әділбек ШӘКІРОВТІҢ айтуынша, «ADAV Decolight CA» Атыраудан әлі рұқсат құжаттарын алмаған.
– Олар құжаттардың тұтас тізімін тапсыруы тиіс, содан кейін біз Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы оларға жарнаманы көрсетуге рұқсат береміз. Сіз олардың ЕХРО-дан басқа ештеңе жарнамалап отырмағанын байқаған шығарсыз. Шамасы, бұл әлеуметтік жарнамаға жататын болса керек.
– Ал осындай сандық ресурстар мен баннерлердің төлемақысы қалалық бюджетке қаншаға шығады?
– Бұл жағдайда әрбір экранның төлемі 20 АЕК құрайтын шығар. Бұл электронды табло үшін төменгі баға. Экранның көлеміне қарай жоғарғы көрсеткіш 30 АЕК құрайды. Электронды емес 3х6 шаршы метр көлемдегі стандартты баннерді орналастыру оның қожайындарына 10 АЕК-ке шығады және одан жоғары бола береді.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор