Атырау, 28 қараша 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тағы бір қыс тоңып шығады

1 570 просмотра

Біз Доссор поселкесіндегі аурухананың жылу мәселесі және дәрігерлерге емделушілерді сыртқы киіммен қабылдауларына тура келетіндіктері, сонымен қатар аурухананың әр жерінде электр жылытқыштарының қосулы тұратындығы туралы жазған едік Ауруханаға шұғыл көмек қажет»). Қыс түскелі бері де емдеу мекемесіндегі жылу мәселесі шешімін таба алмай отыр.

Аурухананың бас дәрігері Раушан ЖИЕНАЛИЕВА аурухана ұжымының аудан әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына көмек сұрап хат жазғанын айтты. Алайда, содан бері ештеңе өзгермеген. 

Ауруханада ем алып жатқан науқастар терезеге жамылғы (одеяло) тұтып, үйден электр пешін тасып әуре. Әйелдер босанатын перзентхана да осы күйде. Әйелдер салқын бөлмеде босануда. 

- Әйелдер 18 градус температурада босануда. Біз ана мен бала ауырып қалмауы үшін пештер қосып отырмыз. Бірақ бұл қашанға дейін жалғасады? - дейді перзентхана бөлімінің меңгерушісі Юлия АЙТПАЕВА.

Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВ те дәрігерлер мен науқастар үшін жағымды жаңалық айта алмады:

- Аурухананы күрделі жөндеуші мердігер «АСД» ЖШС жұмысты сапасыз жасады және аяғына дейін жеткізбей тастап кетті. Соның салдарынан аурухана жылынбайтын болды. Биыл үшінші жылу насосын қосқанымызбен, көмек шамалы. Батареяның ыссылығына қарамастан ғимарат іші салқын, себебі, терезелерден жел гуілдеп тұр. Осы мақсатта біз жөндеу жұмыстарына облыстан қаржы сұрай аламыз. Қазір бұл жұмыстың келесі жылға ілігуін қарастырудамыз. Сондықтан, биыл қыстан амалдап шығуға тура келеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.