Қараша айының басында Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Атырау Энергосату» ЖШС арасында шағын бизнес субъектілері үшін электр қуатына 100% алдын ала төлем төлеуді алып тастыу жөнінде меморандумға қол қойылды («Сотсыз-ақ келісімге келді»).
Сол меморандумға қол қою кезінде «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ЕСЕМБЕРГЕНОВА қазіргі қолданыстағы шарттарға өзгеріс енгізу үшін кәсіпкерлер монополистке әділет министрлігінен өз кәсіпорындары кіші бизнес субъектілеріне жататындығын растайтын анықтама алып келулері керек. Содан кейін ғана қолданыстағы шарттарға өзгертілген төлем мерзімдері мен талаптары көрсетілетін қосымша келісім жасалады. Осы жарияланым жарық көргеннен кейін, келесі күні осы жаңалыққа қуанып, қанаттанған «кіші бизнесмендер» анықтама алу үшін облыстық әділет департаментіне, одан кейін салық басқармасына жүгірді. Алайда бұл жерлерде оларға мұндай анықтама бермейміз деп мәлімдейді.
Кәсіпкерлердің арызынан кейін Палата сарапшысы Қуанғали ҚОЖАНТАЕВ анықтағандай, бүгінде Атырау облысы бойынша Салық департаментінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты жергілікті деңгейде бизнес санаттарын (ірі, орта, кіші) анықтау құжаттарын беру тоқтатылды. Осындай құжаттарды алу үшін кәсіпкерлер индекс 010000, Астана қ., Орынбор көш., 8, №7 кіреберіс мекенжайындағы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сәйкесінше мәтінде хат жазу керек. Жеке кәсіпкерлер хатта ЖСН (жеке сәйкестендіру номері), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер БСН (бизнес-сәйкестендіру номері) көрсетуі қажет.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА