Атырау, 23 желтоқсан 14:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Исатай ауданының тұрғыны президентке үш талап қойды

2 778 просмотра

Исатай ауданындағы Аққыстау селосының тұрғыны Аман Айдаров басылым арқылы үндеу жариялап, тіл мен жерге қатысты президентке талап қойып отыр.

Алдымен Айдаровтың талаптарына тоқталалық:

«1-ші: Мемлекеттік тіл, қазақ тілі туралы заң шығару. Мысалы: “Қазақ тілін білмейтін жастар жоғары оқуға қабылданбайды” деген сияқты.

2-ші: Жерге байланысты заң шығару. Мысалы: “Қазақтың жерін жекешелендіруге болмайды, мемлекет еншісінде қалады” деген тәрізді.

3-ші: Байқоңырға байланысты Ресей елімен қайтадан келісім шарт жасау. Мысалы: Қазақстан Ресей мемлекетіне Ғарышты елу жылға жалға беріп отыр. Енді осыны елу жылға емес бес жылға жалға беруіміз керек деп есептеймін. Екі мемлекет арасында келісім шарт жасағанда жергілікті халыққа зияны тимейтіндей болуы керек. Жалға алып отырған мемлекет жергілікті халыққа өз саясатын жүргізбеуі тиіс.

Ғарышты пайдаланып ауамызды, экологиямызды ластап немесе улап жатқандары үшін мың немесе екі мың километр қашықтықта өмір сүріп жатқан халыққа Ресей елі шамамен әрбір адамға 50 мың теңге ай сайын төлеп отыруы керек».

Аман Айдаровтың өзі бәріне  биылғы жылдың қаңтар айында ҚР премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВТЫҢ 31-ші телеарна арқылы «Мемлекеттік тіл - орыс тілі болып қала береді» деген сөзі үндеу жасауға түрткі болғанын айтады.

- Мен үндеуімді жолдай отырып талаптар орындалмаса жергілікті облыс орталықтарындағы халықты шеруге шақырған едім. Негізі қолдаушылар жоқ емес. Бірақ рамазан айында уақытша тоқтатып отырмыз,-деді Аман Айдаров.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

11 тамыз 2011, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.