Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда отандық кино апталығы өтуде.
Ол Мақат поселкесінің тумасы, белгілі жазушы әрі киноактер Сәтімжан САНБАЕВТЫ еске алу құрметіне арналған. Былтыр өмірден озған ол тірі болса биыл 75 жасқа толар еді.
Филармониядағылардың айтуынша, бағдарлама түрлі жылдардағы алты фильмнен тұрады. Олардың төртеуінде: «Тұзды көл жағасындағы үй» (сценарий), «Балалық шағымның аспаны», «Бауыр», «Той боларда» (актёр), «Ақ таулар арасында» (сценарий) және «Батыр Баян» (актер) фильмдеріне С.Санбаев актер әрі сценарийін жазушы ретінде қатысқан.
Анастасия ПАСТУХОВА