Атырау, 5 желтоқсан 09:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Парламент депутаттары Тайчибековке тойтарыс бере ала ма?». «ЕурАзЭҚ : Минскі Мәскеуге бас шұлғи бермейді». «Екпе ем бе, әлде...». «ТМД-ны сақтап, ЕАЭО-ны кеңейту». «Телеарнаға ақшадан бұрын еркіндік берілсін!».

2 663 рет қаралды

ALASHAINASY.KZ      «Балам ақылды болсын десеңіз...» - Баласының ақылды боп өскенін қаламайтын ата-ана жоқ шығар. Сәбиім бала-бақшада тәрбиелі, мектепте өзге балалардан алғыр болса, университетті үздік бітірсе, жұмысқа оңай орналасса деген армандар кей ананың жүрегіне нәрестесін дүниеге әкелген сәттен ұялап жатады.

«Парламент депутаттары Тайчибековке тойтарыс бере ала ма?» - Әлеуметтік желіде көптен бері орыстілділер мен қазақтілділер арасына от сап жүрген қазақстандық азамат Ермек Тайчибеков бұл жолы халық қалаулылары арасына ши жүгіртіп көріп жатыр.

«ЕурАзЭҚ : Минскі Мәскеуге бас шұлғи бермейді» - Алдында Беларусь, Қазақстан және Ресей Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты бірінен соң бірі ратификациялайды деп мәлімделген.

«Екпе ем бе, әлде...» - Елімізде екпеге қарсы ата-аналардың көбеюі мамандарды алаңдатып отыр.

«"Құбыжық" сәбилер қайдан келеді?» - Соңғы әлетте жұрттың жағасын ұстатардай «құбыжық» сәбилердің дүниеге келуі жиі орын алатын болып жүр.

«Гейдің "гербі"» - Қытай жазушысы Мо Яньнің «Қызыл тоғай» деп аталатын романы бар.

«300 мыңға жуық қазақстандықтың шетелде жылжымайтын мүлкі бар» - 300 мыңға жуық қазақстандықтың шетелдерде жылжымайтын мүлкі бар. Отандастарымыздың басым бөлігі әсіресе Болгария,Түркия, Испания елдерінен баспана сатып алуды жөн көрген.

AZATTYQ. ORG       «Түркияда тұрмыста ма, әлде Сирияда соғыста ма?» - Қырғызстан милициясы Қара-Суу ауданының 21 жастағы тұрғыны Мәдинаны «Сирияда соғысқа қатысып жүр» дейді. Туыстары екі айдан бері одан еш дерек алмаған.

«ТМД-ны сақтап, ЕАЭО-ны кеңейту» - Минскіде өткен ТМД саммиті мен ЕАЭО басшыларының кездесуінде Арменияның жаңа одаққа мүше болғаны жарияланды.

ABAI.KZ    «Телеарнаға ақшадан бұрын еркіндік берілсін!» - Ахмет Байтұрсынұлынша айтсақ: журналистика – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Ендеше қазақ журналистикасы турасында жиі әңгіме қозғап, ұтымды пікір айтып отыру артық болмайды.

QAZAQUNI.KZ    «Сноуден Google мен Facebook-тың өте “қауіпті” екендігін айтты» - АҚШ-тың бұрынғы арнайы қызмет маманы Эдвард Сноуден Google мен Facebook-тен бас тартуға шақырды.

«Ленин Әлиханды құртты, Әлихан ақыры Ленинді тұқыртты…» - О, тоба! «Дүние алма-кезек» дейді ғой, қазақтар. Бірде Қарқаралы қаласының бір көшесін бойлап келе жатып,ленин сол көшенің атына көзім түсіп тоқтай қалдым.

JASQAZAQ.KZ.   «Құмар – ойынның құлы» - «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деп келетін мақал болушы еді ғой. Әсілі, асық адамды аздырмайды, доп тоздырмайды екен.

QAMSHY.KZ   «Таяу Шығыстағы мәселеге Анкара ұзақ уақыт бақылаушы ретінде қала алмайды» - Дүниені дүрбелеңге салған, әлем назарын аудартқан Украина мен Таяу шығыстағы жағдай әлем елдері және жергілікті тұрғындар қаншалықты бейілді болса да тынышталар емес. 

13 қазан 2014, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.